Астана қаласы №38 мектеп-лицейіндеКеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты7 «Ә» сынып жетекшісі Пшембаева Раушан Жұмажанқызының ұйымдастыруымен Астана қаласы ардагерлер кеңесінің еңбек ардагері, интернационалист жауынгер Джантемиров Қалиаскер Қасымұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушыларға Отанын, елін-жерін сүюге, жастарға патриоттық тәрбие беру болды.
Кездесуде барысында оқушылар Ауған соғысы және соғыс ардагері туралы мағұлмат ала отырып, естелік әңгімелерін тыңдады. Өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Кездесу соңында Қалиаскер Қасымұлы әлем халқы тату-тәтті өмір сүрулерін қолдап, тілегін білдірді.
Назар салғаныңызға рахмет!!!