Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толған айтулы күнді атап өту, қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру, ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу, оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Сенің ерлігіңе - табынамын!» тақырыбында 9 сыныптардың ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараға ауған соғысының ардагерлер-медбикелері: Калиева Бақыт Рақымжановна, Абылқасымова Алма Қуанышовна келіп қатысты. Оқушылармен бірге сыр-сұхбат өткізді. Оқушылар ән айтып, өлең оқып, би билеп, көрініс көрсетті.