2019 жылы 25 ақпан күні № 68 мектеп-гиназиясында «Рухани жаңғыру» аясында « Туған жер: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер адамды елімен ,өткенімен ,болашағымен байланыстырады. Осы мақсатында оқушылар Қазақстан жерінде болған оқиғаларға шолу жасады. Әр оқушы туған жерге , Отан деген киелі ұғымдарға терең мағына берді. «Туған жер деген не ?» , «Отан деген не?» , «Туған жер адамның тағдырын құрай ма?», «Туған жерді қадірлеуіміздің себебі не?» деген сұрақтар қойылып , талқыланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік – бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген , тағдырдың қазаққа берген басты бақыты , баға жетпес дәулеті» деген екен. Оқушылар «ТӘУЕЛСІЗДІК» сөзінің әр әрпінін мағынасын тереңнен аша білді. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз қанша жетістіктеріне жетсе де , мәселелер де жоқ емес деген пікір айтылды. Кеш еліміздің әнұранына айналған «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындылады.