"Ата-ананың оқушыларды емтиханға дайындаудағы рөлі" тақырыбында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарды баланың емтиханға дайындалуына жауапкершілікпен қарауға шақыра отырып, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіні айтылды. Алдағы уақытта мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауының нәтижесінде оқушылар емтиханды жақсы тапсыратыны жайлы ой бөлісті.