Меню KDT

Новости

Главная Новости

Дос болуды үйренеміз

Сабақтың тақырыбы:

Дос болуды үйренеміз

Мұғалімнің аты-жөні: Негмеджанова К.С

Күні:    15.02.2019

СЫНЫП:  2

 

Қатысқан оқушылар  саны: 

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Жаңа білім дағдыларын жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындай отырып меңгереді.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.          

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық,  тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

 Мұғалім: — Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.  Енді балалар, қонақтармен амандасамыз.

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз,

Қонақтарға құрметпен

Бас иеміз біз.

«Жылы жүрек» бір-біріне жылы лебіздерін білдіру. 

Аспанымыз ашық болсын

Елімізде тыныштық болсын

Бейбітшілік болсын

Ақылды бол

Күніміз жарық болсын

Білімді бол

Отбасымыз аман болсын

Әдепті бол

Татулық болсын

Әрқашан күн сөнбесін

Достығымыз берік болсын

Денсаулық тілеймін!

-Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық.

Балалар, мектебімізде  қандай апталық болып жатыр?

Яғни, осы өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаған Сара Алпысқызының туған күні .

-Үйге толығырақ мәлімет қарап келу тапсырылған болатын.

 

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы тапсырманы орындау берілген

 

 

Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Дәйексөз.

Достықты достық    шақырады.

                                   Абай Құнанбаев.

 - Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болуды үйренеміз» деп аталады, яғни «достық», «дос» туралы әңгімелейміз.

 

1.Адал достықты қалай түсінесіңдер? 
2.Сендердің достарың көп пе? 
3.Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар? 
4.Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер? 

Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, бір – біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір-бірін режітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

 

Ортасы 

10 минут

 

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс 

 «Екі дос» ертегісі

  (видео көрсету)

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Талдау сұрақтары:

- Қалай ойлайсыңдар бұлар адал дос па?

- Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?

- Нағыз дос қандай болуы керек?

- Қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?

 

Міне, осындай жағдаяттардан дәйексөз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді  «Достықты достық шақырады» деп атайық. Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы  асыл қасиетке теңейміз.

1

8

7

5

2

3

4

6

9

ш

о

қ

с

ы

т

а

р

д

 

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Көңілді күн"

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

 

Шығармашылық жұмыс:

 «Жалғасын тап» Ойыны

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

 

Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

 

Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

Менің досым» тақырыбында эссе жазу

-Балалар, мен сіздерге үйден дос туралы өлең жаттап келуге бергенмін. Жаттап келдіңдер ме?

Дос дегенің өмірдегі – тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,

Егер досың адал ниет жан болса,

Орындалар армандаған тілегің!

 

Дос жүрегі қашанда аңсағаным,

Солармен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды

Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын!

 

Достық — әдеп, сыйласым,

Дос — өмірлік, қимасың.

Дос – арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті!

 

Достық – игі жақсылық,

Достық ниет- жақсы үміт.

Достық жасап адамға

Достаса біл әмәнда!

 

 

 

 

 

Видеороликті талдау.

 

 

Топпен ән айту:  «Дос болайық бәріміз». 

 

 

Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

 

Кері байланыс қоржыны

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено