Ауған соғысының аяқталғанына тура 30 жыл. Астана қаласы №38 мектеп-лицейі осы айтулы шараға орайластырылып, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. 10 жылға созылған соғыстың құрбандарын еске алып, ерлікпен оралған ауғандықтарды құрметтеу үшін Баренов Ерлан Рускалиевич, Баренов Ербол Рускалиевич, Ильченко Владимир Леонидович, Оспанов Жанайдар Советович арнайы шақырылған меймандар қатарында болды.
Кездесу барысында мектепоқушылары ауған соғысы ардагерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Ардагерлер де өз тараптарынан сынып оқушыларына батырлық ерлік туралы кітап пен ту, төсбелгілер табыстады. Кездесу соңында оқушылар ардагерлермен естелік суреттерге түсіп, қолтаңба алды.
Назар салғаныңызға рахмет!!!