2019 жылдың 26 ақпан күні №10 мектеп - гимназиясында «Жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекеттерді алдын алу» тақырыбында әр мектептің көшбасшылары мен Ұланбасыларының қатысуымен қалалық оқу семинар болып өтті. Семинарды «Биоақпараттану және Синергетика» технология авторы педагогика ғылымдарының кандидаты Вассерман Федор Яковлевич ашты. Бұл семинарға әр мектептің ІІМ министірлері мен Ұланбастары қатысты. 2019 жылдың 10 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында «Мектеп құқығын қорғау!» тақырыбында заңгерлермен ІІМ күнделікті жұмыс күнінен 1 минуттық бейнебаян байқауы жарияланған болатын. Нәтижесінде үздік бейнебаян деп таңылған № 68 мектеп- гимназия командасына ақшалай сыйлық пен сертификат табысталды.