Меню KDT

Новости

Главная Новости

Смирнов №3 орта мектебі бойынша кезекті XVIII «Нұр Отан» съезін талдау

Съезд күн тәртібінде бірнеше мәселені қарастыру көзделген. Атап айтқанда, алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалды. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланатын болды. Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысты.  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2019 жылдың 27 ақпан күні өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынылатын болды. Оған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінеді. Аталған қаражат аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейтуге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыруға, өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгертуге жұмсалатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, партияның XVIII съезінде Мемлекет басшысы бюджет қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға және 25% - ға арттыруды, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақыны 30% - ға арттыруды, атаулы әлеуметтік көмекті ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% - ға дейін арттыруды, көп балалы отбасыларға әр балаға 21 мың теңгеден төлеуді, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жылдық 2-3% - дан жеңілдікті ипотекалық қарыздарды қамтамасыз етуді тапсырды.

Бәрінен бұрын жағымды жағы: көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Сондай–ақ, дәрігерлердің, полицейлердің, мұғалімдердің әл-ауқатының деңгейі артатын болады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено