Мектебімізде 27 ақпан күні "Үздіктер фабрикасы-2019" сайысының қортынды кезеңі өтті. Бұл кезеңге 5 сынып қатысып, зияткерлік кезеңге дейін "Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз" атты қабырға газетін жасап, ақпан айының 15-21 аралығында "5"-тік бағалар қоры жинақталып, саналып және "Зердедегі бір күнім" атты видео дайындап, әділ қазылар алқалары аталған жұмыстарды бағалады. Ал соңғы зияткерлік сайыстың бірінші турында математика пәні бойынша, сайыстың екінші және үшінші турында 10 пәннен сұрақтар таңдап алып, арнайы бөлінген уақытта сол тапсырмаларды орындап, дұрыс шешкен сыныптар келесі турға жолдама алып отырды. Нәтижесінде БАС ЖҮЛДЕге -10 "ә" сынып оқушылары, 1 ОРЫНға-10 "А" сынып оқушылары, 2 ОРЫНға- 9"Б" сынып оқушылары, 3 ОРЫНға- 9 "Ә" сынып оқушылары, АЛҒЫС хатқа- 9 "А" сынып оқушылары ие болды. Сонымен қатар аталған сыныптар "Үздік қабырға газеті", "Үздік бейнесюжет", "Инстаграм белсендісі" номинацияларына ие болды. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан барлық сыныптарға, СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ "АЛҒЫС" білдіреміз.