1-наурыз Алғыс айту күні аясында "Жас ұлан" ұйымы мүшелерімен "Алғыс айту парызымыз!" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды әрдайым алғыс айтуға, үлкендерді құрметтеуге және сыйлауға тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға "Рахмет достар" тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, суреттер салынды. Оқушылар өздеріне үлкен әсер алып өздері отбасыларына, ұстаздары мен достарына алғыстарын шығармашылық түрде баяндады. Өткізген: тәлімгер Магубаева А.Е.