1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Осы аталу күні 2019 жылы 29 ақпан күні № 68 мектеп-гимназиясында мынадай іс-шаралар өтті. «Алғыста шек болмайды» 8-9 сынып оқушылары Көктал-2 кентінде тұратын зейнеткерлер ауласындағы қарды тазалап жәрдем көрсетті. «Жақсылық алақаны» акциясы ұйымдастырылып аз қамтылған Имашовтар отбасына азық-түлікпен көмек берілсе, көпбалалы Қалиевтар отбасына қаражаттай берілді. 5-6 сынып оқушылары жүрек бояуларымен сурет салып мектеп дәлізіне галлерея ұйымдастырды. «Алғыс жүректен шығады» деген тақырыпта 1-11 сынып оқушылары туған еліне , ата-аналарына , ұстаздарына , достарына, алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырды.