2019 жылдың 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі бойынша Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Қ. Рахметованың пікірі
XVIII съезін партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев ашып, Қазақстан халқына арналған жолдау мен «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысына мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі, сондай-ақ партия жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне жаңа «Цифрлық партия» жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл жүйе – жұмысымызды жеңілдетіп, жаңа белестерге өтудің бір жолы деп санаймыз. Елбасы 20 жыл ішіндегі партия жұмысының қол жеткізген жетістіктер жайлы тоқталып, азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамытуды іске асыру керек деп айтты. Сонымен қатар, бюджеттік жүйеде қызмет етіп жатқан жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 2019 жылдың 1 шілдесінен 30%-ға көтерілетінін атап өтті. Бұл айтылған ой, біз үшін, яғни ұстаздар қауымы үшін қуантатын жағдай. Себебі еліміздің әрбір азаматы байқуатты болса, еліміздің әл-ауқаты да, тұрмыс жағдайы да, экономикасы да өсіп, жарқын болашаққа бағыт-бағдар алады. Елбасының бұл съезде айтқан жаңалықтарын қолдап, қойылған мақсат, міндеттерді орындауға барынша үлесімізді қосамыз.