1 Наурыз – Алғыс айту күні!
1 Наурыз – Алғыс айту күні! Лицейіміздің қабырғасында айтулы мереке аталып өтті. 5-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар мен мұғалімдер, әріптестер мен ата-аналар бір-бірлеріне деген алғыстарын қарша боратты! Үзіліс уақытында оқушылар ұстаздарға деген ыстық ықыласын өз қолдарымен жасаған бұйымдар, жүрекжарды тілектер жазылған ашық хаттар арқылы білдірді. Ерекше дарынды оқушылар мектеп пен ұстаздарға арнап өлең де шығарды. «Жас Дәурен» оқушылар комитеті инстаграм әлеуметтік желісінде барша оқушылар атынан мектепке деген сүйіспеншіліктерін құттықтау сөздер мен арнайы видео арқылы жеткізді.