Азаматтық қорғаныс күніне арналған "Біздің міндетіміз-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" атты іс-шара өтті.
Жамбыл орта мектебінде 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күніне арналған "Біздің міндетіміз-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушыларға алғашқы көмек көрсету түрлері көрсетілді. "Өрт-тілсіз жау" өрт шыққан кезде алғашқы көмек көрсету үшін қолданылатын құралдармен таныстырды. 112 номеріне телефон шалып, байланысқа шығуды көрсетті. Іс-шараға жауапты Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Кусаинов Мереке Ерденбайұлы.