"Терроризм және экстремизмнің алдын алу" тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу болып өтті
Астанамыздың № 58 мектеп - гимназиясында "Терроризм және экстремизмнің алдын алу" тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуге Астана қаласының "Рыскелді" мешітінің Найб имамы қатысып бүгінгі таңдағы діни ахуал жайлы кеңірек әңгіме өрбітіп, оқушылардың дінге қатысты қойған сұрақтарына нақты жауап қайтарып отырды. Кездесу өте жақсы жоғары деңгейде өтті.