Меню KDT

Новости

Главная Новости

«STEM-Зияткерлік сайысы»

   

Сайыстың мақсаты: - 8-10 сыныптар арасында ІТ –технологияларды қолдана отырып 7 кезең бойынша 10 күндік тапсырмалар беріліп, шығармашылық белсенділікті дамыту.

     20.02.2019 сәрсенбі күні «Математика,физика-информатика» апталығында «STEM-Зияткерлік сайысы» жақсы дәрежеде өтті.

1 этап бойынша: 8-10 сыныптар арасында ГОЛДБЕРГ машинасының жұмыс істеу принципі бойынша 3 минуттық видео-түсіруге шығармашылық жоба берілген болатын. Жобаны жасау барысында өте қызықты видеолар түсірілді. Сол түсірілген видеоның нәтижесі арқылы 11 команда іріктеліп алынды.   
2 этап: Инженерлік математикадан логикалық тапсырмалар берілді:
1 этап: GOLDEN GATE тапсырмасы бойынша:
      Жарысушы команда алдына берілген құралдардан көпір жасаулары керек болатын. Көпірдің ені 10 см-ден кіші емес, ұзындығы 60 см-ден қысқа емес болуы керек. Қатысқан 11 команда түгел атсалысып жақсы нәтижелер көрсетіп жатты.
3 этап: ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫ бойынша тапсырмада
      Жарысушы команда алдына берілген құралдардан жүк мұнарасын жасаулары керек болатын. Мұнараның ұзындығы 40 см-ден кем емес, табан ауданы 64 см кв-тан кем емес және 625 см кв-тан үлкен емес болуы керек. Тапсырманы орындау барысында командалар көпшілігі Эйфель мұнарасының моделіне көп көңіл бөлген, оның ЖҮК мұнарасы екеніне аса мән бермеген.
4 этап:  МАРСТАҒЫ ТАПСЫРМА бойынша
     Жарысушы команда алдына берілген қажетті құралдарды қолдана отырып шикі жұмыртқаны екі метр биіктіктен жерге тастағанда жарылмайтындай етіп  қауіпсіз прототипін ойластырып,  құрастыру қажет болатын. Барлық команда түгел белсенділік танытты. Кейбір оқушылардың әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануларының арқасында екі метр биіктіктен тастаған жұмыртқалары жарылмай, тапсырма ойдағыдай орындалды. 
 
Қорытынды: Берілген 7 этап бойынша апталықтың басынан, соңына дейінгі  тапсырмалардың (Апталық видео-түсірілім, Online репортаж, «ІТ жаңалықтары»  презентация, ГОЛДБЕРГ машинасы бойынша видео-түсірілім, GOLDEN GATE көпір жасау, ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫ, МАРСТАҒЫ ТАПСЫРМА)

қорытындысы:  10 сыныптар арасында

ГРАН-ПРИ – 10 «Г»

1 орын – 10 «Ә»

2 орын – 10 «Б»

3 орын – 10 «А»

8 сыныптар арасында

1 орын – 8 «К»
 
9 сыныптар арасында 

қорытындысы:  10 сыныптар арасында

2 орын – 9 «Ә»

3 орын – 9 «м»

 

 

Ұйымдастушылар: Информатика пәнінің мұғалімдері Бекботаева Анапия Асановна, Кыдирова Сандугаш Айдарбековна















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено