Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Болашақ бүгіннен басталады!"

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 1 наурыз күні "Болашақ бүгіннен басталады!" атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге ата-аналар, мұғалімдер және 1-11 сынып оқушылары қатысты.

Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім мекемесімен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесінде елеулі рөл атқарғаны, ересен еңбегі мен маңдай тер, қажыр-қайраты үшін «Гимназияның өркендеуіне үлес қосқан 10 есім» жобасына енген жеңімпаздарды гимназия директоры Мұқанова Күлтай Ахметқызы және оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Рахимова Диана Аманғалқызы марапаттады, мереке ән мен биге ұласып өз мәресіне жетті.

   



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено