25.02-1.03 күндері мектепте «Алғыс айту парызым» атты апталық өтті.
1 наурыз Алғыс айту күніне 25.02-1.03 күндері мектепте «Алғыс айту парызым» атты апталық өтті. 1-4 сыныптарда «Ата-анама мың алғыс» суреттер көрмесі өтті. 27 ақпанда 5-7 сыныптарда «Қарттарым – асыл қазынам» атты ардагерлер үйіне оқушылар концерт ұйымдастырды. 5-11 сыныптар арасында «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында «Алғыс жәшігін» орналастырып, оқушылар ұстаздарына, достарына, ата-аналарына хат жолдады. 9-10 сыныптар «Мен алғыс білдіремін» тақырыбында шығарма жазды. 8-11 арасында «Менің елім» атты мерекелік танымдық-этнографиялық ойын өтті. 5-11 сыныптар арасында «Кімге алғыс айтар едіңіз?» атты бейне материал дайындау тапсырылып, орындалды. Оқушылар ұстаздарына алғыс айтты. 1наурыз күні 8-10 сыныптарда «Шын жүректен алғыс айтамын» атты әр ұлттардың бір-біріне алғыс айту сайыс концерт өтті. Бұл өткізілген іс-шарада Қазақстанда тұратын әр ұлттың өкілі ретінде сол халықтың тілінде алғыс айтты, өнерін көрсетті, тағамы және ұлттық киімімен сайысқа түсті. Өткізілген тәрбие сағаттары сынып жетекшілердің бірлестік отырысында қаралып, жетістіктер мен кемшіліктері талданды.