Ашық тәрбие сағаты "Бәрі де ана бір өзіңнен басталады!"
Жамбыл орта мектебінде 8 наурыз аналар күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі балташова айман Атымтаевнаның ұйымдастыруымен "Бәрі де ана бір өзіңнен басталады!" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында қазақи салт-дәстүрден бесікке салу рәсімі көрсетілді. Өмірдің келеңсіз тұстары көрініс тапқан "жазығым не анашым?" атты композициялық қойылым көрсетілді. Тәрбие сағатынан барша оқушылар дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы-ананың қолында екенін түсініп, аналарына арнап әсем әндерімен билерін тарту етті. Ашық тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті.