Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.