Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ғылымға қадам

Ғылым саласына оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде  ақпан айының 23-жұлдызында «Ғылым күні» аталып өтілді.  Іс-шараның ашылу салтанаты мәжіліс залынан бастау алды. Онда мектеп директоры К.К.Жунусова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар төмендегі 9 алаң бойынша бақ сынасты:
1-4 сыныптар

І алаң:«Ғылым көкжиегі»/ ғылыми жобаларды қорғау/ (1-10 сыныптар)

  1. Ғылыми-техникалық процесс, экономикалық өсудің негізгі буыны: Секциялар: физика, техника,Жер және Космос туралы ғылымдар.
  2. Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу. Секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.
  3. Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі: Секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
  4. Қазақстан тарихы ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары: Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі.

ІІ алаң: Ғылым әлеміне саяхат
ІІІ алаң: «Жаңа қала сомдайық, Астананы жасайық» макеттер сайысы
IVалаң: «Интеллектум» сайысы
V алаң: «Қазақстан жаңа әлемде» сурет көрмесі
VI алаң: «Сөз мерген» конкурсы
VII алаң: Шығармашылық (бисер, қолөнер, макеттер сайысы)
VIII алаң: Ежелгі және жұмбақ ойындар: дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат
IX алаң: Дұрыс тамақтану

1-10 сынып оқушылары 4 бағыт бойынша ғылыми жобалар қорғады. 1-4 сыныптардан -54, 5-10 сыныптардан-44 жұмыс ұсынылды. Жобаны  директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары З.Ю. Жаназарова, тарих пәні мұғалімі Ахмет Айжан Шермуханбайқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Кереева Маданият Жұмабекқызы тәрізді тәжірибелі ұстаздар сарапшылық етті.

 
  
1- 4сыныптар  арасында  «Ғылым әлеміне саяхат»  атты жоспарланған іс-шаралар  өтті. Мақсаты:дарынды балалардың зерттеу дағдыларын дамыту, ортасын құру. Салтанатты ашылуын Мажитова Н.С., Ауған М. өткізді.  Іс шараға 4 «Ж»,4 «З» сыныптары қатысты. Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс жасады. 1-топ жаратылыстану, 2-топ математика, 3-топ дүниетану пәндерін зерттеді. Жұмыс барысында 4-сынып пен 5-сынып тақырыптарының спиральдық жүйесін анықтады.

«Жаңа қала сомдайық-Астананы жасайық» макеттер сайысы /1-сыныптар/.

Бұл сайыстың мақсаты: оқушылар келешекте Астанада көргісі келген ғимараттың макетін жасады. Ата-аналар өте белсенді ат салысқандығы жұмыс нәтижесінен көруге болады. Сайыстың нәтижесі бойынша Бас жүлдені қазақтың ұлттық аспабы домбыра үлгісінде «Өнер мектебі» макетін жасаған 1 «Ә» сынып оқушысы және сынып жетекшісі Доспанова Ж.Ә. иеленді.

1-орын: 1 «Б», 1 «К» сынып оқушылары «Эйфель мұнарасы, 1 «Н» сынып оқушылары «Метро» макетін жасап жеңіске жетті;

2-орын: 1 «А» сынып оқушысы «Құмыра» макеті, 1 «Ғ» сынып оқушысы «Мәңгілік ел» макеті, 1 «Ж» сынып оқушысы «Арман» қонақ үйін жасап үздік атанды;

3-орын: 1 «Л», 1 «О»,1 «К» сыныптары иеленді. Жеңіске жеткен әр оқушы өздері жасаған макеттерін жоғары деңгейде қорғап шықты.



«Интелектум» сайысы /1,4 -сыныптар/.

«Интеллектум» сайысына 1,4-сынып оқушылары арасында үздік деп танылған 30 оқушы қатысты. Бұл сайыстың мақсаты: оқушылардың логикасы мен интеллектуалды даму деңгейін,шапшаңдықтарын байқау. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Оза шыққан қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. 


«Қазақстан жаңа әлемде» сурет көрмесі /1,4- сыныптар/

Бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсат: оқушылардың патриоттық жауапкершілігін арттыру, жаңа ақпарат көздерімен танысу, туған ел мен жерді құрметтеу. Сайысқа қылқалам шеберлері қатысты. Өз жеріне, Отанына деген ыстық ықыластарын сурет арқылы бейнеледі.



«Сөз мерген» конкурсы /3-сыныптар/

Сайыстың мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, тілді шұбарламай таза сөйлеуге дағдыландыру. Сайысқа қатысушы 10 оқушы да 5 кезеңнен тұратын сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Қатысушылардың барлығы да жоғары дайындықпен келген. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1-орынды 3 «А» сынып оқушысы Егінбаева Лаура иеленді.

2-орын: Жұмат Әділет -3 «А» сынып оқушысы

2-орын: Шорағұл Кәусар -3 «К» сынып оқушысы

3-орын: Айдарәлі Нұрәлі- 3 «К» сынып оқушысы

 3-орын: Жиенқұл Нұрсұлтан- 3 «Л» сынып оқушысы

 

Шығармашылық (бисер, қолөнер, макеттер сайысы) /1-4 сыныптар/

З.Шошанова жауапкершілігімен шығармашылық бағыт бойынша  3-4 сынып оқушылары қатысты. Өз жұмыстарын ұсынған қыздар ойларының ұшқырлығымен, талантымен ерекшеленді. 


Ежелгі және жұмбақ ойындары:дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат /1-4 сыныптар/

Ежелгі ойын түрлеріне оқушылар қызығушылық танытты. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысқан оқушыларды арнайы дипломдармен мадақтады.



«Дұрыс тамақтану» әлеуметтік жобалары 2-сыныптар арасында өткізілді. Бұл бағыт бойынша жауапты мұғалімдер Туртулова Гүлбахрам Темиркеновна және Абилова Зухра Батырханқызы жауапты болды. Мұнда оқушылар дұрыс тамақтанудың жолдарын айтып, өздерінің ойларын нақты дәлелдер арқылы көрсете білді.
 
 5 -  11 сыныптар

І алаң:«Ғылым көкжиегі»/ ғылыми жобаларды қорғау/ (1-10 сыныптар)

ІІ алаң:Математика-ғылымдар патшасы

ІІІ алаң: Абай оқулары (қазақ, орыс, ағылшын тілінде)

IYалаң: STEM олимпиада

Y алаң: Қазақ хандығы/тарихи интеллектуалды сайыс

YI алаң: Әлеуметтік жобалар/дұрыс тамақтану

YII алаң: Шығармашылық (бисер, қолөнер, макеттер сайысы)

YIII алаң: Ежелгі және жұмбақ ойындар: дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат

IX алаң: Әлеуметтік жобалар

«Математика-ғылымдар патшасы»

Математика пәні мұғалімдері Азатхан Маржангүль өткізген  «Математикалық эстафета» мен Имбетова Гүлнар өткізген «Қызықты математика» ойыны өте көңілді, ұйымшылдықпен өтті. Қасымқанов Нұрбек Мамырханұлы  шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын жоғарғы  дәрежеде өткізе білді.



«Абай оқулары»  (қазақ, орыс, ағылшын тілінде/1,10 -сыныптар)

Ақпанның 23 күні мектебіміздің мәжіліс залында Ғылым күніне орай үш тілде Абай оқулары өтті.

Мақсаты: оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Ақын шығармаларын  оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып,әнін шырқады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, шашасына шаң жұқтырмас жүйріктерді бағалау үшін әділқазы алқасы жұмыс жасады. Алқа төрағасы айтыскер ақын Мәлжанбай Азамат. Мүшелері Шакирова Роза Зиябекқызы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Мусабек Мираш (музыка пәні мұғалімі), Каскабаева Гульсим Габдужалеловна (орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Санбаева Рыскайша Хасеновна (ағылшын тілі пәні мұғалімі). 

Кеш соңында қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды. 10-сынып оқушысы Шакен Оразмұхаммед және жетекшісі Схаг Шолпан қалалық Абай оқуларына жолдама алды.




 

STEM олимпиада

Мектебіміздің информатика және физика пәні мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен өткен  «STEM» олимпиадасы оқушылар арасында ең тартымды жұмыстардың бірі болды. Оқушылар олимпиадаға өз қызығушылықтары бойынша көптеп қатысты. Лаборатория бойынша көрме мен роботтар жарысы,  физика пәні мұғалімдері  Базарбек Жанболат пен Иманқұл Ұлзада ұйымдастырған «Қызықты физика әлемі» атты іс-шарадағы физикалық эксперименттер көрсету өте қызықты болды.  
  
 

«Қазақ хандығы»/интеллектуалдық сайыс (9-сынып)

«Ойлы болсаң, озып көр» /интеллектуалдық сайысы (6,7-сыныптар)
«Өз тарихын білмеген адам-өзінің кім екенін білмес» деген қағидаға сүйене отырып, тарих пәні мұғалімдері «Қазақ хандығы» және «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыптарында интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылар тарихтағы елеулі оқиғалардың барлығына тоқтала кетті. Нәтижесінде ең үздік тарихшы номинациясы берілді. 

Әлеуметтік жобалар

Оқушыларды қоршаған ортаны қорғау, аялау, сақтау мақсатында  Эко жоба аясында жүргізілген бөлме өсімдіктерін көбейту, өсіру және бөлме өсімдіктері туралы шағын ғылыми жобалар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.
 
 

Шығармашылық бағыт: /оригами, бисер, қолөнер/ сайысы (5,8- сыныптар)

«Әшекей бұйымдар- табыс жолы» атты көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен қолөнер сайысына қатысушы қыздар өте көп болды. Сайысты ұйымдастырудағы мақсат: ұлттық ою-өрнектерді, нақыштарды оқушылар арасында насихаттай отырып, әсемдікке баулу.  

 

Ежелгі және жұмбақ ойындар: дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат

Төл ойындарымыз бойынша ұйымдастырылған шарада оқушылар белсенділік танытты. Жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.  
 

 








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено