Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Өмірге ия деп айт!»

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 27 ақпан күні «Өмірге ия деп айт!» акциясы барысында мектеп психологтары Куспанова Ш.Ж., Елубаева А.К. жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, оқушы жастардың салауатты өмір салтын және психологиялық денсаулықты нығайту дағдыларын қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында  психологиялық тренинг сабағы жүргізілді.

Тренинг сабағы барысында оқушылармен «Сіз үшін өмірдің мәні не?», «Өмір дегеніміз....», «Мені алға жетелейтін мақсаттарым?» сұрақтары талқыланылды.

«Қайда барамын?», «Қытайлық мүгедектердің балет биі» видеороликтері көрсетіліп, оқушылар өз ойларын, түсініп-түйгендерін айтты.

 Қорытынды:  Тренинг сабақ соңында рефлексия жасалды. Оқушылар өздерінің бойларында  өмірге деген оң көзқарастар пайда болып, болашаққа мақсат қойып жатқандарын айтты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено