8 Наурыз мерекесі қарсаңында 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Алақандағы күн" атты сынып сағаты өтті. Мерекелік шараға арнайы шақырылған аналар балалардың өнерін тамашалады. Ән айтып, би билеген оқушылар аналарына өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын табыс етті.