Қыздарымызды ұлтымыздың салт- дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, инабатылыққа тәрбиелеу, қыз балалардың икемділігін, шығармашылық қабілетін арттыру, ұлттық салт – дәстүрді, әдет – ғұрыпты бойларына дарыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар 9-10 сыныптарда өз жалғасын тапты. Аруларымыз киім киюдегі талғамын, қонымды шаш үлгісін көрсетті.
Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,
Көздеріңе бар сұлулық тұныпты
Жалт – жұлт еткен жанарыңның жарқылы
Талай жанның мұз жүрегін жылытты – демекші керемет ұйымдастырылған іс-шарада
9 «Ә» сынып оқушысы Тілеу Аружан бас жүлдені ұтып алды. Керемет іс-шараны ұйымдастырған 10 «В» сынып оқушыларына, сынып жетекшісі Ильясова Ләззат Бақтыбайқызына мың алғыс айтамыз.