Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Сарқылмайтын жылылық, ана аты ұлылық» атты 8 - наурыз мерекесі

«Тауағаш орта мектебі»КММ
2018-2019 оқу жылы
«Сарқылмайтын жылылық, ана аты ұлылық» атты 8 - наурыз мерекесі
 

         06-наурыз  күні мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары өз аналарына, әжелеріне арнап мерекелік концерт өткізді. Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту және ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл шара жақсы көңіл-күйде өтті.

         Концерт шымылдығын 4-сынып оқушыларының орындауында «Ана жаным» әні ашты. Ал, әрі қарай 1-сынып оқушылары залдағы әжелерге арнап тақпақтарын айтып, «Сағындым, әже» өлеңін нақышына келтіріп шырқап берді. Бұл күні қыздарымыз да назардан тыс қалмады. 2-сынып оқушысы Еркежан «Мен қазақтың қызымын» әнін барлық қыздарға тарту етті. 3-сынып оқушылары өз аналарымен «Гүлдер әуені» биін тамаша орындап, қонақтардың қошеметіне ие болды. Концерттің ең әсерлі тұсы - барлық оқушылар шар жүректермен «Жүректер» биін билеп, ол жүректерді жақсы тілектермен аналарына сыйға тартуы.

          Кеш соңы мектеп директоры Мұрат Серғалиұлының  құттықтау тілегімен және оқушылардың аналарына, әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуілерімен аяқталды.

       

                                                          Бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено