Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Су тасқыны» дөңгелек үстел

Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Дауыл, құйын
Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте көп қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады. Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
Жазық немесе құрлық далада – жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап қалу қажет.
Құйын – өте қауіпті. Құйын жылдамдығы 100м /с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30 - 40 км сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т. б. нәрселердің ұшуы адамдарға қауіп тудырады. Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар.
Жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс. Гидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі

Апатты жағдай аймағы бұл АЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы АЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл АЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – АЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды АЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

АЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және АЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено