№68 мектеп-гимназиясында 8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 4 - сыныптар арасында «Анаға қарап қыз өсер» тақырыбында аналар мен қыздар арасында сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты ана мен бала арасындағы сый -құрметті, махабатты, қарым - қатынасын нығайта түсуі. 6 бөлімнен тұратын сайысқа қатысушыларымыз өте жоғары деңгейде дайындалып келгендерін сайыс барысында көрсетті. Мерекелік кеш соңында әділқазылар алқасы аналарымыз бен қыздарымызды марапаттады.