Айтуар негізгі орта мектебініде Халықаралық әйелдер күніне орай "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешіміздің мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Іс шара барысында бастауыш сыныптармен жоғары сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарымыздың көңіл күйлерін көтеріп, аналарға, әжелерге, әдемі қыздарға жылы тілектерін айтып, алғыс білдірді.