"Ана-тіршіліктің тірегі" халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
Жамбыл орта мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамына арналған "Ана-тіршіліктің тірегі" атты концерттік бағдарлама өтті. Мектеп оқушылары Аналарына арнап әннен шашу шашып, би билеп көңілдерін бір көтеріп салды. Іс-шараға ауылдың ардақты, аяулы аналары шақырылып, ол кісілерге қошемет көрсетілді. Мектеп басшысы Адыкенов Қайролла Мешелұлы барша жиналған әйел қауымын құттықтап, көп балалы аналарды, оқу-тәрбие жұмысына үлес қосқан мұғалімдерді марапаттады.