10 наурыз күні ауданымызда МАСЛЕНИЦА мерекесі өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алу мерекесіне арналған. Бұл бір күндік мереке емес. Мереке - бүкіл апта бойына жалғасады. Жалпы масленица аптасының әр күнінің өз атауы болған: дүйсенбі – «Кездесу», сейсенбі – «Ойынның қызығы», сәрсенбі – «Тәтті тамақ», бейсенбі – «Серуен, қыдыру», жұма – «Қайынене үйіндегі кеш», сенбі – «Қайынапа отауындағы отырыс», және ең ақырында, «Кешірімді жексенбі» деп аталатын, масленица бітетін жетінші күн, бұл күні араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрасады, Аталмыш іс-шараға біздің мектебіміз де белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Біз осы мерекенің екінші күнің , яғни «Ойынның қызығы деп аталатын дәстүрін «Астана» балабақшасының қатысуымен көрсеттік. Сол жерде жиналған қауыммен арқан тарттық, балаларды шанамен жылдамдыққа жарыстырып, себетке қар жинатқыздық. Ойындар қызықты өтіп, қатысушылардың көніл-күйлерін көтере алдық.