8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2019 » атты арулар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Еліміздің ертеңі мына жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
Сайысқа қатысқан қыздарымыз бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін байқау барысында бар мүмкіндіктерінше көрсете білді. Сайыс мынадай кезеңдермен ұйымдастырылды.
Байқауға әділ бағасын беретін қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының мүшесі мектеп басшысы Дюсенова Айман Жұмағалиқызы. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Муханбедина Эльмира Михайловна. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсекулова Ақбота Оралбаевна. Сайыс кезеңдері арасында 5 «Т» сыныбы оқушылары флешмоб биледі. 5 «Ә» сыныбы оқушылары флешмоб биледі. 5 «Қ» сынып оқушысы Құралова Тоғжан «Dask Till Dawn» әнін ағылшын тілінде орындады. 5 «Ғ» сынып оқушысы Амантай Нұрай мен Оразова Асель «Көңілді күн» әнін шырқады. 5 «С» сынып оқушысы Аминева Камила «Күзгі әуен» күйін қобызбен орындады. Байқауға қатысқан барлық сыныптардың жанкүйерлері қолдап, қолпаштап отырды. Байқау бойынша бас жүлдені 6 «Ғ» сыныбы оқушысы Абулкадырова Медина иемденді. 1-ші орынды 7 «Қ» сынып оқушысы Кажыгалиева Эльдана, 2-ші орынды 7 «Ғ» сынып аруы Еркеғали Жібек, 3-ші орынды 6 «Ә» сынып аруы Ауғанбек Гүлназ, 6 «М» сынып оқушысы Габдсаттарова Жұлдыз қанжығасына байлады.Болашақта инабатты да ибалы, қылықты қыздарымыз көбейе берсін!