Меню KDT

Новости

Главная Новости

КӨПТІЛДІЛІК ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

КӨПТІЛДІЛІК ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
2019 жылдың 26 ақпанында Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығымен бірге ұйымдастырылған №53 мектеп-лицейде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен шешу жолдары» атты қалалық семинары өтті. Семинарға 70 мұғалім қатысты. Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К.Ибраева, директордың орынбасары А.А.Кауенова, әдіскері А.А.Төлеубекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «Ustaz» кәсіби білім беру орталығының қызметкерлері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілдік білім орталығының директоры мен аға қызметкерлері қатысты. Іс-шараға «Өркен» желілік қауымдастығындағы мектептері: №48МЛ,70МЛ, 72МЛ,77МГ,85МЛ және қала мектептерінен жаратылыстану ғылыми бағыттағы пән мұғалімдері іс-тәжірибемен алмасты. Семинарда информатика, химия, физика, биология сабақтарынан шеберлік сыныптары мен коучингтер, ашық сабақтар мен кіріктірілген сабақтар көрсетілді. Семинардың алғы сөзін Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Гульнара Кульмуханбетовна мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілдік білім орталығының директоры Жуманова Сара Сейтовна сөз алып , кластердегі мектептердің ұстаздарына осы жобада сәттілік тіледі. №53 мектеп-лицей директоры Киянова Замзагул Ертаевна көптілділік кластердің жұмысын айтып, жетекші, тірек мектептермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жүргенін сөз етті. Мектеп психологтары семинарға қатысушылармен психологиялық ахуал тудыру мақсатында тренинг өткізді. Қонақтар желілік қауымдастық мектептердің зертханалық жұмыстардың «идеядан нәтижеге» көрме-экскурсиясын тамашалады. Бірінші бөлімде ағылшын тілінің С1 деңгейлі химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сайлиханова М.Б., ағылшын тілінің В2 деңгейлі, жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі Схаг А «Жаратылыстану бағыттағы пәндерге CLIL әдісі арқылы ағылшын тілін енгізудің тиімді әдістері» үштілде шеберлік сабағы, физика және еңбек пәні мұғалімі, ағылшын тілінің В1 деңгейлі педагог-модератор Агибаева Р.У. «Критериалды бағалау құралдарын құрастыру» үштілде коучинг, ағылшын тілінің В2 деңгейлі информатика пәні мұғалімдері Таубалдиева Ж.А., Аушахманова К.З., ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші Кусепова Г.Т. «Көптілді оқытуда ақпараттық ресурстарды сабақта пайдалану» шеберлік сабағы арқылы тәжірибе таратты. Екінші бөлімде 8 Ә сыныбымен «Eye structure and functions» биологиядан ағылшын тілінің В2 деңгейлі жоғары санатты биология пәні мұғалімі Серикбаева З.Ж., «Structure and function of the organ vision» биология, физика, ағылшын тілі пәндері кіріктірілген сабағын ағылшын тілінің В2 деңгейлі биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сапарқызы Шынар, ағылшын тілі пәні мұғалімі жоғары санатты Кенжебекова З.А., ағылшын тілінің В1 деңгейлі физика пәні мұғалімі Кусаинов Р.Г., 2 л сыныбымен «Тігінші мен Ай» орыс сыныбына қазақ тілі көптілде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Турекенова А.К., 9 А сыныбымен «Production of metals» химия сабағынан ағылшын тілінің В2 деңгейлі, бірінші санатты химия пәні мұғалімі А.К.Князова, «Болашақтың маманы» көптілде жастар форумы Астана қаласының «Қоғамдық тамақтану және сервис» колледжімен серіктестік жұмысын 11-сынып оқушыларымен «Менің таңдауым» кәсіби бағдар беру кабинетінің меңгерушісі Утебаева У.Е., директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары Алиева С.Д., Нуржанова Г.С., ағылшын тілі мұғалімі Тлеуленова А.Б. ұйымдастырды. Семинар соңы дөңгелек үстелде еркін микрафон арқылы қорытыланды. Жаратылыстану ғылыми бағыт пәндерінің ағылшын тілінде берілуінің қиындықтары мен шешу жолдарын талқылады. Барлық семинарға қатысушылар кері байланыс кезінде бүгінгі іс-шараның практикалық құндылығын, мазмұнын, алынған ақпараттың тереңдігін атап өтті. Семинарды қорытындылау сөзі Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары А.А.Кауенова мен әдіскері А.А.Төлеубекова қорытындылап, іс-шарада ұстаздарға тәжірибе таратқандары үшін сертификат табыстады.













Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено