Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ата-анаммен әдебиет әлемінде» атты байқау өткізілді

2019 жылдың 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қ.Бітібаева апталығы қарсаңында оқушыларды кітап оқуға, ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмек көрсету, ата-аналардың балаларды кітап әлемін сыйлауға, оқуды жақсы көруге баулу, түрткі жасау  мақсатында «Ата-анаммен әдебиет әлемінде» атты байқау өткізілді. Оған 5-8 сыныптардан 5 отбасы қатысып өз өнерлерін көрсетті. Байқауда үйге тапсырма өздері оқыған шығармадан әсерлерін жазу тапсырылды. Отбасы мүшелері мәнерлеп оқу, оқыған шығармалары бойынша көрініс көрсетті. Бағалау кезінде отбасы мүшелерінің қамтылуы, әртістік қабілеті, образды ашуы, декорация қолдануы, сахна шеберлігіне қаралды.  Сонымен қатар бұл іс-шарада мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап-ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» атты тақырыпта кітап көрмесі өтті. Көркем шығармалардан құралған құдық құрастырылды.Байқау өте жоғары деңгейде өтілді. Бас жүлдеге-Қыдырбаевтар отбасы, 1 орын- Өтемісовтер отбасы, 2 орын – Амантаевтар отбасы, 3 орынға- Мухтаровтар отбасы ие болды

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено