КММ №69 мектеп-гимназия әкімшілігі қамқоршылық қоғамдық кеңестің құрылуы туралы хабарлайды. Осыған байланысты білім беру мекемесінің білім сапасын қамсыздандыру мақсатында материалдық-техникалық базасын дамыту үшін, қамқоршылық қоғамдық кеңестің құрамын сайлау және құрылымына қатысты кеңестер қабылдайтыны жайлы жариялайды.
Шақырылады: жергілікті өкілдер, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, №69 мектеп – гимназия ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, бір ата-анасы немесе заңды өкілі, қайырымдылық жасаушылар.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес ұсыныстарыңызды қабылдаймыз.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ұсыныстарыңыз 28.03.2019ж. дейін қабылданады.
Мына мекен-жай, байланыс телефонына хабарлассаңыздар болады.
Астана қаласы
Исатай батыр 141
Қабылдау телефоны: 8(7172) 57-75-80
ДТЖО: Ж.К.Рахметова 87089437955