Ағымдағы жылдың 15 наурызында №4 мектеп-гимназиясында «ЭКО challeng» атты қалалық семинар өтілді. Бұл семинардың мақсаты: Жасөспірімдердің бойындағы экоәлем түсінігін кеңейту, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелек байланысын сезінуге ықпал ету.Семинар 4 кезеңнен тұрды: «Экологиялық әлем» көрмесі, инновациялық жобалар, тәжірибе алаңы және экологиялық сабақтар керуені.Әр кезең өзіндік ерекшеліктерімен өткізілді. Әр кезеңге барлық сыныптан әртүрлі оқушылар қатысты. Оқушылар өзінің шеберлігін келген қонақтар алдында іс-жүзінде дәләлдеп көрсетті. Болашақта осы оқушыларға шеберлігін әрі қарай дамытып, үлкен асулардан аса беруіне тілектеспіз.