14-наурыз күні Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі ұйымдастырған «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні өткен барлық сабақтарға ата-аналар белсене қатысты. Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны талаптарын жүзеге асыруға бағытталған сабақтар ата-аналардың көңілінен шықты. Сабақ соңында ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, жаңаша оқытудың артықшылығына тоқтала кетті.
Іс-шараға ата-аналармен қатар мектеп директоры Елекеева Нүргүл Жақсыбекқызы, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қатысып, сабақтарға талдау жасады.
Бұл күні ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылар да назардан тыс қалмады. Оқушыларымыз сабақтарда белсенділік танытып жеке, жұптық, топтық жұмыстарда топ жарды. 4-сыныптарда өткен сабақтарда жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар жұмыстарды түрлендіріп, саралап, белсенді оқытуды шебер қолдана білді. Осындай игі шаралар мектебімізде жалғасын таппақ.