Меню KDT

Новости

Главная Новости

8 наурыз Аналар күні



2019ж. 7 наурыз күні мектебімізде 8 наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертке мұғалімдер мен қамқорлық кеңесінің және асхана қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, олар гүл шоқтары және мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұжымның ер мұғалімдері қыздар мен аналарға гүл шоқтарын сыйлады. Концерттің 2-ші бөлімінде мектебіміздің әншілері ән айтып, биші қыздары би биледі. Көктем мерекесі қарсаңында мектеп директоры Б. Жаркенов мұғалімдерді Білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясының, «Кәсіподақ» ұйымының және №15 мектеп-лицей директорының атыннан алғыс хаттар мен мадақтамаларды табыс етілді.



Мектеп Парламенті «Жас Ұлан» мен тәрбие ісінің орынбасарларының ұйымдастаруымен «Өзін-өзі басқару» күні өтті. Мақсаты: мектеп түлектерін педагог мамандығына баулу және лицей оқушыларын басқару ісінде танымдылықтарын мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. «Өзін-өзі басқару» күнінде 11 сынып оқушылары пән мұғалімдерінің орнына сабақ беріп, сынып сағаттарын өткізді. «Өзін-өзі басқару» күнінде 11 «В» сынып оқушысы, оқу озаты Алина Дорошенко мектеп директоры қызметін атқарды.



Мұғалімдерден құралған 12 «А» сыныбы қазақ бөлімі, 12 «В» сыныбынан құралған орыс бөліміне оқушылар сабақ өткізіп, іс-шаралар ұйымдастырды. «Өзін-өзі басқару» күні 8 наурыз аналар күніне арналған салтанатты саптүзеу өткізілді. Саптаүзеуде 12 «А» сыныбы мен 12 «Б» сынып оқушылары мұғалімдерге алғыс тілектер айтып, әндермен құттықтады. 11 сынып оқушылар «Өзін-өзі басқару» күнін жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді.


 

 



 



 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено