Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жалынды жастарымыз жеңіс жалауын желбіретті

Шаңғы жарысы 4х7.5 шақырымдық эстафета: 2-орын (қола) ерлер құрамасы: Никита Гридин – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Әсет Дүйсенов – ҚазСТА, Олжас Климин – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Иван Люфт – ҚазСТА
Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың кезекті XХІХ ойындары Ресей Федерациясының Красноярск қала- сында ағымдағы жылғы наурыз айының 2-сінде басталғаны баршаға белгілі. Жаһан жастарының жарысы бүгін, яғни наурыз айының 12-сі күні аяқта- лады. Бұл байрақты бәсекеге еліміздің құрама коман- дасы белсене қатысып, жалынды жастарымыз жеңіс жалауын желбіретті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова осы спорттық жарыста тәуелсіз еліміздің қоржынына қомақты олжа салған Қазақ туризм және спорт академиясының студенті Асет Дюссеновты күміс және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Жанбота Алдабергенованы қола, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Әлия Амиргалиева, Кадиша Бахиткереева, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жаксыбаевты, Қазақ туризм және спорт академиясының студенттері Алена Волковинцкая, Яна Хан, Денис Никиша, Нұртілек Кажгалиді қола, А.Мырзахмет атындағы Көкшетау университетінің студенттері Никита Гридин, Олжас Климин, Қазақ туризм және спорт академиясының студенті Иван Лофт және Қазақ туризм және спорт академиясының студенті Элизабет Тұрсынбаеваны күміс медальдарымен марапатталуына орай, құттықтау жеделхатын жіберді. «Қазақ жастары және өзімнің атымнан жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Өршілдік, жанкешті еңбектеріңіздің арқасында жоғары жетістіктікке жетіп отырсыздар және жеңіске құлшыныс таныта отырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде лайықты таныта білдіңіздер», – делінген, Қазақстан студенттер құрамасының жүлдегерлеріне арналған жеделхатта. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова спортшыларға болашақта жаңа белестерді бағындыруына шынайы тілектестік білдірді. Біздің құрама сапындағы 95 саңлағымыз спорттың 9 түрінен бақ сынап, спорттық бағдарлау, фристайл (могул, ски-кросс, акробатика), тау шаңғысы спорты, мәнерлеп сырғанау, шаңғымен жарыс, шорт-трек, бенди, шайбалы хоккей спорттарынан үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено