Жаңартылған білім мазмұнының қайнар көзі – критериалды бағалау
Астана қаласы Білім басқармасы, Білімді жаңғырту орталығы «Критериалды бағалау» кластері аясында наурыз айының 15 күні Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім мазмұнының қайнар көзі – критериалды бағалау» атты қалалық семинар өткізді.
Семинар мақсаты: «Шоқ жұлдыз» қоғамдастығы арасында критериалды бағалаудың тиімділігін іс-тәжірибеде пайдалана отырып, атқарған іс-шараларды қорытындылау. №7 мектеп-гимназия жетекші мектеп және №12 балабақша мектеп, 55 орта мектеп, №62 мектеп-лицейінің жыл бойы атқарыған жұмысының қорытындысы ұсынылды.
Мектеп директоры Айтова Жанат Тұрысбекқызы жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. 14 ашық сабақ өткізіліп, 2 шебер сынып, 1 тренинг және 2 таныстырылым көрсетілді. Әр мектеп өздерінің баннерлерін жасап, ТЖБ, БЖБ жинақтары, ата-аналарға арналған жаднамалар, көмекші құралдар, үздік сабақ топтамалары, коучинг, дөңгелек үстел жоспарларын ұсынды. Іс-шараға Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Камила Асиповна, қала мектептерінен 49 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, серіктес мектептер мүшелері 12, 55, 62 өз тәжірибелерімен бөлісеті. Семинарға қатысушы мұғалімдердің жұмыстары бойынша рефлексивті есептері ұсынылып, зерттеу мәселесіне байланысты ашық диалог құрылды. Сабақтар бойынша түрлі формада кері байланыс жасалып, тиімді кері байланыс өзгерістерді бағалау және тәжірибе алмасу жолымен қорытындыланды. «Шоқ жұлдыз» қоғамдастығы ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен семинар аяқталады.