Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі білім беру инновацияларының транцсляциясы және сабақтастығы» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы

2019 жылдың 12 наурыз күні № 45 орта мектебінде  «Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі білім беру инновацияларының транцсляциясы және сабақтастығы» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі ендіріліп жатқан инновациялық өзгерістерді зерделеу.

Зерттеу барысында мектептің жаңартылған білім беру мазмұны (жаңа оқыту мен оқу, бағалау жүйесі, үш тілді білім беру)  және жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша тәжірибелері зерделенді. Зерттеу толықтай Білім Беру Саласындағы Британ Зерттеушілернің Қауымдастығының (British Educational Research Association) этикалық стандарттарымен өтті. Зерттеуге Қазақстандық жобаны дамыту жөніндегі ғылыми қызметкер Наталья Яковец, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Қауымдастырылған алған профессоры Кетти Малун. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің  Үздіксіз білім беру бөлімінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, Назарбаев Университетіндегі Жоғары білім беру мектебінің PhD студенті «Көп тілді білім беру» бағдарламасы бойынш магистрі  Гүлмира Канаева қатысты. Зерттеу барысында мектеп ұжымы, оқушылар және олардың ата-аналардан сұхбат алынды.

Зерттеу барысында мектеп ұжымы, 8 сынып оқушылары мен ата-аналардан сұхбат алынды. Ата-аналар баланы оқыту процесін қадағалай алатынын, тығыз кері байланыс орнатылғанын және олар уақытылы қолдауды қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жаңа білімді, оқытудың жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті. Оқушылар сабақта өздерін сенімді сезінеді, ата-аналар мен мұғалімдердің үнемі қолдауы оларға өз жетістіктерінің нәтижелерін түсінуге көмектеседі.  







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено