Нұрмұқанова К.Е. 6 сыныпта Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту мақсатында "Ұлттық дәстүр- шашу" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Ата-аналардың қатысуымен болған іс-шара барысында аналар балаларға бұл дәстүр жайлы сыр шертті. Аяулямның апасы шашу шашты. Өміріміз тату- тәтті болсын деген сөздермен шашылған құрт-кәмпиттерді балалар қуанышпен жинап алды.