Астанадағы №81 шет тілдерін тереңдетіп оқу мектеп-лицейінде Абайдың тағы бір өлеңін ұлт руханиятына қосқан Абайтанушы-ғалым Асан Омаровпен танымдық сабақ өтті. Абайдың қазақ халқына жаңа низам әкелген көлемді өлеңі алғаш рет "Жалын" журналына 1971 жылы жарық көргенімен үш шумаққа қысқартылып басылған. Өлеңге алғашқы пікір айтқан академик Әлкей Марғұлан. Семейден аса шалғай емес Омбы қаласында тұратын қазақ арасында өскен орыс ғалымы Г.Н.Потанинге "Қозы Көрпеш Баян сұлу" жырымен бірге жіберілген екен. Әлкей Марғұлан Абайдың өлеңі екенін айтудай-ақ айтқанымен заман ағымына қарай сәйкес емес болғандықтан күдікті шығарма деп Абайдың шығармалар жинағына енгізілмей қалған.
Ұмыт болған бұл өлеңді Абайдікі емес дегенге келіспеген ғалым аталған өлеңді зерттеп, қалай табылғаны жөнінде оқушылармен ой бөлісті.
Көктемнің алғашқы күні ғалымның қуанышты жаңалығымен бөлісуге ниет танытып, өзі де оқушыларына үлкен тарихи жүздесу ұйымдастырып, ел алғысына бөленген мектеп басшысы - Гүлнар Дінқуатқызына алғыс күні алғысымызды жаудырып, ризашылықпен аттандық.
Алмахан Мұхаметқалиқызы.