Наурыз айының 11-нен 20-сы аралығында қазақ тілі мен әдебиет апталығы басталды. Әдеттегідей, апталықты мектепішілік жиынмен бастадық. Онда 5-9 сынып оқушылары «Қазақ тілі» туралы өлеңдер оқып, ән айтты. Мектеп оқушыларына онкүндік жоспары таныстырылды. Сәрсенбінің сәтті күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Альбекова Л.К., Бимагамбетова Ж.О., Рахметова Э.Е. өз ашық сабақтарын бере бастады.Апта соңына дейін ашық сабақтар көрсетіліп, ұстаздар өзара тәжірибе алмасты. Сабақтарды инновациялық технологиялар, қалыптастырушы бағалау, әртүрлі әдістер, топтық , жұптық, жеке жұмыс түрлері айқын көрсетілді. Әр сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар сабақ тақырыбын өздері ашып, мақсатты өздері қоя білді. Және сол мақсатқа жетті деуге болады. Мұғалімдер мен оқушы арасындағы тығыз байланыс көрініп тұрды.