8 – Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік іс-шараның сценарийі.
Мақсаты: Ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлердің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ата-ана мен әлеуметтік қызметкерлердің қары-қатынасын нығайту, беленділігін арттыру.
1-жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар, гүлдей құлпырған арулар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды аруларымыздың төл меркесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтты болсын мереке,
Құрметті асыл аналар.
2-жүргізуші: Добрый день, дорогие женщины!
В прекрасный день 8 марта
Когда сияет все кругом
Разрешите вас поздравить
С междунородным женским днем
Здоровья, счастья пожелаем
Чтобы, не грустили никогда
Чтобы всегда вы процветали
Во имя счастья и добра.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер! Мереке сайыс түрінде өтеді. Алдымен сайыстың шартымен танысып алайық.
1) Таныстыру. «Анаға тарту». Сайысқа қатысушылар өздерін таныстыра отырып, ана туралы монолог немесе өлеңді мәнерлеп оқиды.
2) «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Сайысқа қатысушылар өз өнерін көрсетеді.
3) «Әйелдің көркі-ормал». Әр топ ормал тартудың екі түрлі үлгісін көрсетеді.
4) Үй тапсырмасы. Мерекелік әзіл көрстеді. Олай болса, әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.
1) Әділқазы алқасының төрайымы: Орталығымыздың директоры-Тынысова Рымжан Төлеуханқызы
2) Күндізгі бөлімше меңгерушісі: Шакимбаева Жанар Жумабаевна
3) Орталық әдіскері: Болатбекова Қымбат Болатбековна
2-жүргізуші: Сегодня мы хотим подарить нашим женщинам радость и веселья, сегодня наши мамы могут показать всем какие они талантливыеи могут справться с любым заданием. Начинаем наш праздник с конкурса «Приветствия». Первыми выступает команда «Қызғалдақ».
1-жүргізуші: Келесі өздерін таныстырып, анаға деген сезім білдіретін «Үкілі камшат»тобын қарсы алайық!
1-жүргізуші: Алдарынызда «Раушандар» тобы өздерін таныстырады. Қошеметпен қарсы алайық!
1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде-дей келе, 3-бөлімше қыздар тобының орындауында «Қазақ биін» тамашалайық».
1-жүргізуші: Аналарға өнерпаздық жарасады,
Жеңу үшін әркімде таласады.
Барлығы да өнерлі аналар ғой, Әдемі де, сымбатты, парасатты.
Сайыстың «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты 2-ші бөлімін бастайық.
Ортаға «Қызғалдақ» тобын шақырамыз.
2-жүргізуші: Келесі «Үкілі Камшат» тобын қарсы алайық!
1-жүргізуші: Келесі кезек «Раушандар» тобында.
2-сайыс бойынша ұпай санын көрсетулеріңізді сұраймын.
1-«Қызғалдақ» тобы
2-«Үкілі камшат» тобы
3-«Раушандар» тобы
2-жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Әдемі сұлу әйелге
Кімдер басын имеген,-деп белсенді аналардың бірі, ашық жарқын мінезді, аналар мерекесін тарту ретінде испан биін ала келген Мадидің анасы-Сауле Дүйсембинованы қошеметпен қарсы алайық!
(Испан биі. Орындайтын: Сауле Дүйсембинова)
1-жүргізуші: Орамал-қазақ әйелінің айнасы,
Орамал-салт-дәстүрді сақтай білген,
Әдепті келін, ибалы ана-байлауы.
Келесі бөліміміз: Әйелдің көркі-орамал деп аталады. Ортаға сайыскерлерді шақырамыз. Қатысушыларға 3 минут уақыт беріледі, орамалды басқа байлаудың екі түрлі үлгісін көрсетеді.
1-жүргізуші: «Қызғалдақ» тобының байлаған орамал үлгісіне назар аударайық.
2-жүргізуші: «Үкілі камшат» тобын тарту үлгісіне зер сала қараңыздар.
1-жүргізуші: «Раушандар» тобының байлаған ормал үлгісіне назар аударайық.
2-жүргізуші: Келесі кезеке Аналар мерекесімен құттықтап, әсем әннен нәзік жандарға тарту сыйлай келген, Орталығымыздың тәрбиеленушісі Абылкасымов Ринаттың «Жаным» әнін қошеметпен қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: «Орамал тарту» бөлімі бойынша ұпай санын көрсетулеріңізді сұраймыз.
1-«Қызғалдақ» тобы
2-«Үкілі камшат» тобы
3-«Раушандар» тобы
1-жүргізуші: Күлкі-көңіл ажары, білген жанға
Ұзартады өмірді біраз таңға,
Сыйлай біл күлкі менен сезіміңді
Сергітетін көңілді әрқашанда-дей отыра, келесі сайысымыз үй тапсырмасын-мерекелік әзілді бастаймыз.
Ортаға «Қызғалдақ» тобын шақырамыз.
2-жүргізуші: Келесі «Үкілі камшат» тобын қарсы алайық!
1-жүргізуші: Келесі кезек «Раушандар» тобында.
2-жүргізуші: Көңілі Алатаудың ақ қарындай
Мейірімі күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аруларға тына алармыз
Ән болып, тамылжыта ақтарылмай-деп ортада бөлімшеміздің күміс көмей әншісі Мерейді, музыка жетекшісі Таңшолпанмен бірге қарсы алайық!
1-жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы дайын болса,
4-сайыс бойынша ұпай санын көрсетулерңізді сұраймын.
1-«Қызғалдақ» тобы
2-«Үкілі камшат» тобы
3-«Раушандар» тобы
2-жүргізуші: Сайыста бірі озар, бірі қалар,
Әділдігін дәл тапса би қазылар.
Сөз сөйлейді шындықтың бетін ашып,
Әділдіктің туын биік ұстағандар.
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Марапаттау.
Еще раз поздравляем всех наших женщин с Междунородным Женским днем. Пусть в ваших семьях всегда светит солнце. Желаем быть красивыми, здоровыми, добрыми и веселыми не только в этот день, а всегда. До новых встреч!
Келе жатқан 8-наурыз Аналар мерекесі құтты болсын! Бүгінгі қуанышты әсерлеріңіз әр отбасында жалғасын тапсын. Қош сау болыңыздар.