Қош келдің, Наурыз!
Сценарий барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. 1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.
Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!