Меню KDT

Новости

Главная Новости

15 наурыз – Қариясы бардың қазынасы бар

Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер шал тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына ай­нал­са, кейбіреулердің ба­ла-шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір ата­на­ты­ны шындық.

Қалай де­ген­де де Алланың бер­ген ғұмырын әркім өз ақыл-па­ра­са­ты­мен мәнді ет­пек. Қоғамның ізгілігі – ба­ла­лар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жал­пы зей­нет­кер­лер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жол­да­у­ын­да на­зар­дан тыс қалған емес. Жыл сай­ын ардагерлерімізді 9 ма­мыр Жеңіс күнінде құрметтейміз. Үлкендерге де­ген  сый-құрметтің бір күннің ая­сын­да шектеліп қалмау ке­рек. Адам баласының бойындағы бұл ізгі ни­ет – Ал­ла Тағалам бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сый­ла­у­да тәспісінен жаңылмаған. Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” не­ме­се “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес бо­луы соның жарқын айғағы. Аузы ду­а­лы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған ба­ла тәрбиесіне ерек­ше ден қойған бабаларымыздың “атаңнан бо­та қалмасын, ба­та қалсын”, “түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” де­ген қанатты сөздері дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар та­рих беттерінен белгілі.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено