Меню KDT

Новости

Главная Новости

Салт дәстүр

Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. 

 

Ұйқыашар. Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі жігіттердің ұйқысы сергек болсын деген ұғымнан туындаған. «Ұйқыашар» болашақ күйеулерге күш-қуат, махабат, нәзік сезім әкеледі деп те жеңгелері ырымдаған.
Селтеткізер. Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны селт еткізер деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Белкөтерер. Наурыз күні қарттарға үлкен құрмет көрсетілген. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан «белкөтерер» деп аталатын дәм дайындалып, ұсынылады. Үлкендер батасын береді
Наурыз-тілек. Достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Наурызтөл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсын наурызкөк деп атайды. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз, келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем шөп. Оны үйде де өсіреді. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады. Оның майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
 

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено