Күн мен түн теңеліп , ұйықтаған табиғатқа өн беретін , ұлтымыздың бойына салт-дәстүрді ұстандыра біліп , өкпе ренішті жойып , әр жақсылықты өзімен АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАға ҰҚСАП кірген ӘЗ -НАУРЫЗ мерекесі 21-22 наурыз күндері алғашқы рет Көктал 2 кентінде ерекше аталып өтті. Әз-Наурыз елімізге құт , береке әкелсін, еліміз аман болсын деген тілекпен Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді Қуантайұлы барша жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.Киіз үй тігіліп , салт-дәстүрлерімізден көріністер көрсетіліп Ақсалды қарияларымыз , Ақ жаулықты аналарымыз өз батасын берді. Алаңда түрлі ұлттық ойындар ойналып , жеңімпаздарға сыйлықтар үйлестірілді. Келген халыққа наурыз көже , бауырсақ таратылды. Осы Ұлыстың ұлы күнінде Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігіне Көктал 2 тұрғындарының атынан алғыс айтамыз!!!