Астана қаласы №68 мектеп-гимназиясында 18.03.2019 жыл күні 8-10 сынып оқушыларына мектептің педагог-психологтары Сайлаубаева Райгул Женисовна мен Атамбаева Дина Жумакановна «Көңіл күйіңді көтеріп, қуана біл!» атты құралмен таныстырып, жасөспірімдерге психикалық денсаулық туралы, өзінің психологиялық-эмоциялық жай-күйіңді қалай жақсартуға және стрестік жағдайларға қалай төзімділік танытуға болатыны туралы ақпарат-кеңестер ұсынды.