Мектеп-балабақша кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өтті сонымен қатар, 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпы мектептік салтанатты жиын өтті. Мақсаты: Отан сүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу: оның табиғатына, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Осы мерекеге орай кітапханада "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.» Мақсаты: Отан тарихына деген қызығушылықты дамыту, отаншылдық пен азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, ел алдындағы жауапкершілік пен руханилықты тәрбиелеу.